Неотсортированные - Каталог анекдотов - Анекдоты на казахском языке (анекдоттар) на Ak-Sakale








В категории материалов: 864
Показано материалов: 51-100
Страницы: « 1 2 3 4 ... 17 18 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
- Коп баласы барларга қыруар ақша беріп жатыр екен! - дейді бір келіншек күйеуіне үйіне келе салып. - Көбіне сыртта жүресщ, мүмкін баска келіншектерден бала-шагаң бар шығар? Бар болса алып кел, ақшага қарық болайық.
Әйелі үш баласымен үйінде қалып, күйеуі шыгып кетеді. Арада біраз уақыт өткенде жігіт жолдан тапқан үш аласын алып келсе, үйде келіншегінің жалғыз өзі отыр дейді.
Әй, оала-шага кайда? - десе:
- Оларды да жаңағанаөздерініңәкелері келіп алып кетті.
- деген екен келіншегі бозарып.
Немістер колга түскен гұтқындардын түп тарихта- рын сұрап барып, атып тастап жатса керек. Орыс та, озбек те, неше түрлі ұлт өкілдері окка ұшады. Кезек қазаққа келгенде:
- Мұның аты-жөні, тарихын сұрамай-ақ бірден атып тас гаңдар! - депті неміс офицері бұйырып.
- Неге?
- Бұларды сұрастыра берсеп қарын болең болып шыга келеді.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жасы жеі піс ген асқан шал бір күні:
Кемпір, - депті құдай қосқаи қосагына сөз айтып. 
- Жастык шағымызды еске түсірсек қайтеді?
- Қалай байғұс-ау?! - дейді кемпірі шошып кетіп.
- Баяғыда есіңде ме, мен сені кас карая ауылдың сыртындағы үлкен кара талдың түбінде күтуші едім ғой? - дейді шал жұтынып қойып
- Иә, есімде.
- Бүгін түнде мен сені сол кара талдың түбінде күтемін,сен кел, жарай ма?
Кемпірі келісіп, шал шырттай киініп, бір құшақ гүлін алып, айтылған уақытта кара талдың түбіне келеді. Бір сағат күтеді, кемпірі жок. Екі сағат күтеді, кемпірі жоқ. Бір кезде найзағай ойнап, шелектеп жауын жауады. Күте-күте әбден ығыры шығып малмандай су болган шал бір құшақ гүлін таптап, ашуланып үйіне кіріп келсе, кемпірі жылы пештің түбінде ұршық үйіріп отыр дейді.
- Ей, мен сені әбден күттім ғой, неге келмедің?! - деген шал камшысын үйіре бергенде:
- Тсс.. - депті кемпірі саусағымен аузын көлегейлеп. - Апам жібермей койды...
 
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Мал шаруашылығы унпверснтетінде оқитын бір студент түнімен емтиханға дайындалады. Уақыттың тығыздығына байланысты барлық билетті оқып үлгере алмай^ тек кана бит туралы тақырыпты әбден жаттап алыпты. Емтиханға кіріп бірінші билетті алса, сиыр іуралы екен.
- Сиыр дегеніміз ірі кара мал, - депті студент жауап беріп. - Етін жейміз, сүтін ішеміз. Оның жүнінің арасында биті болады, ал, бит дегеніміз...
- Баска билет алыңыз, - дейді мұғалім бит туралы зулатып бара жатқан студентті тоқтатып.
Студенттің екінші бплеті қой туралы екен.
- Қой, - депті студент тез жауап қатып. - ?сақ малға жатады. Оның да жүні болады, жүнінің арасында би гі...
- Мына билетті алыңыз, - дейді мұғалім басқасын ұсынып. Сөйтсе ол балық туралы екен.
- Балық, - депті студент саспай бірден жауап беріп. - Суда жүзетін жәндік. Оның да етін жейміз. Оның денесінде жүні болмайды, жылтырақ қабығы болады. Егер жылтырақ қабықтың орнында жүні болғанда, онда жүнінің арасында биті болатын еді. Ал, бит дегеніміз...
Амалы таусылған мұғалім студентке бага қойыіі берген екен.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жамбыл облысының Қаратау қаласында есімі елге белгілі айтыскер акын, азулы асаба Ербол деген жігіт ағасы тұрады. Эке жолын куған егіз ұлдары бар.
Бірде аулада балалар ойнап жүреді. Арада ерегіс
туындайды да:
- Менің папам мәдениет үйінің директоры! - дейді біреуі
мактанып.
- Менің әкем мектептің директоры! - дейді екіншісі
кеудесін керіп.
Сонда егіз ұлдың бірі саспастан:
- Біздің папамыз тойдың директоры! - деген екен мақтанышпен.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бір апа таксиге отырып:
- Мені қыргы базарга дейін апарып таста, - дейді әй- шәйжоқ.
- Екі жүз тенге, - дейді таксист екі аялдамалық жерге әжептеуір құн айтып.
- Айда, кеттік!
Діттеген жеріне жеткен кемпір жүз тенге беріп түсіп баражатса керек.
- Апа, калганы қайда? - дейді таксист шыж-быж болып.
- Бұл машинамен мен келген жерге сен де келдің, жартысын озің толе, - депті кемпір ұзай беріп.
 
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Он баланың ең соңғысы қап-қара боп туылыпты. Өңшең аппақ балалардың ішіндегі қара бала өскеннен кейін:
- Мама, басқа балаларың аппақ та, мен неге қап- қарамын? - деп сұрапты шешесінен. - Құрдастарымның бәрі негр деп мазақтайды.
Анасы айтқысы келмей ары-бері қашқақтатқаны- мен баласы тақымдап қоймайды.
- Бірде түнде жұмыстан келе жатыр едім, біреу қуалап берді. Қарасам, қап-қара негр екен. Мен қашып келе жатырмын, қашып келе жатырмын. Ол қуып келе жатыр, қуып келе...
- Болды, айтпай-ақ қой, - депгі бала жылап жіберігі...
Ұзын шарбак біткен жерде бір мае батпакка батып жатса. шарбакка сүйеніп әзер келе жатқан екіншісі оған карап
өлгенше күледі.
- Қа-қазір шарбак біткен кезде кө-көрем күлгеніңді, -
деген екен батпақтағы мае тілі күрмеліп.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Сексендегі шалдың кемпірі көтеріп қойып род- домнан бір-ақ шығыпты. Кемпір аман-есен босанып, бесінші қабатта жатыр екен. Сәлем-сауқатын алып шалы келеді.
- Шал-ау! - деп айқайлайды кемпірі терезеден басын шығарып. - ?л босандым, ұл!
- Не дейсің?! ?л дейсің бе?! Е, дұрыс бопты! - дейді шалы құлағын көлегейлеп.
- Дәрігерлер сізге бұдан кейін босануға болмайды, мына баланың атын "Тоқгасын” деп қойыңыздар деп жатыр! Есіттің бе,"Тоқгасын” деп қойыңдар дейді?!
- Тэйт! - деген екен сонда шалдың коздері шатынап. - "Токтасын” дегені несі?! "Жалғас” деп қойыңдар агын!.. Жалғас..!

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бір агіамыз пенсия алуға барыпты. Ақшасын алып болғаннан кейін кассир келіншек:
- Апа, қол қойыңыз, - десе:
- Қарағым-ай, біздің кезімізде мектеп деген болмаган, сауатым жоқ, қалай кол қоямын? - депті кемпір күйзеліп.
- Апа, аларыңызды алдыңыз ғой. бірдеңе кылып доңгелектің суретін салыңыз, - депті келіншек тақымдап.
Қолы дір-дір еткен апамыз бес ай дөңгелектің суретін салып пенсиясын алады да, сосын келмей қояды. Ауырып қалды ма деп. бес айлық пенсиясын жинап үйіне барса, апамыз кутың-қутың етіп көршінің ауласын сыпырып жүр екен. Ақшасын санап алыпты да. қалтасына салыпты. Ал. енді кол қойыңыз десе, бұрын дөңгелектеп кол қоятын апамыз төргоұрыштап кол койыпты.
Көзі шарасынан шығажаздаған келіншек:
- Апа, мен сізге түсінбедім, - депті бозарып. - Бұрын пенсияңызды дөңгелектеп алушы едіңіз, енді төртбұрышгап алып тұрсыз. Өз аулаңызды емес, көршінің ауласын сыпырғаныңызға жол болсын?
- Е, жас келіндер, сендер не білесіңдер, - депті апамыз қутыңдап. - Мен анау бүкшеңдеп жүрген көрші шалға күйеуге тигем, менің фамилиям өзгерген.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Екі жігіт подвалда арак ішіп отырғанда свет өшіп қалады. Қараңғыға қарамастан арақ ішу жалғаса береді. Бір кезде жүз грамды құйып отырганға екіншісі:
- Сен неге өзіңе көп, ал, маган аз құйып отырсың?! - дейді шатақ шыгарып.
- Тас қараңгыда оны қайдан білдің? - дейді құйгыш
жігіт.
Маган келгенде "бүлк,бүлк”, өзіңе келгенде неге бүлк, бүлк, бүлк” ? - деген екен екінші жігіт.
Екі көрші кемпір бір самаурын шайды ортаға алып әңгімені соғып отырсакерек. Арада біразуакытөткенде:
- Қыз-ау, - депті біреуі екіншісіне. - Өткенде келін гүсірді деп еді, келін деген қандай екен?
Көрші кемпірдің көзі шоқтай жайнап:
- Ойбүй, айтпа, келін деген рахат екен! - дейді риза болып. - Келін деген таңғы бесте тұрады екен. Содан кешке дейін қолынан сыпырғы мен екі шелек түспейді екен. Таңғы бесте тұрған келін түнгі үште бірақ ұйықтайды екен. Келін деген керемет екен!
Екінші самаурындағы шай орта тұсына келгенде:
- Қыз-ау, - дейді қулау кемпір тағы да сұрак қойып. - Жақында қызыңды ұзатыпсың, қызыңның барған жері қандай екен?
- Ойбуй, айта көрме! - дейді кемпір қабағын шытып. - Қызымның көрген күні күн емес екен! Қызым таңғы бесте тұрады екен. Содан қараңғы түскенше қолынан екі шелек пен сыпырғы түспейді екен. Таңғы бесте тұрған қызым үзіліп барып түнгі үште бірақ ұйықтайды екен. Қызымның барған жері жаман екен.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Түн ішінде үйіне кірген жігіт айнаның алдына барып, шалбарын шешіп, құйрыгындағы қанаған жерге лейкопластырь жапсырады да, төсегіне барып ұйықтап калады.
Таңертең келіншегі шашын тарайын деп айнаның алдына барса лейкопластырь жарсырулы, тұр екен. Жагдайды тез
түсінген әйел күйеуін ұйқысынан жұлқылап оятып:
- Құйрығыңды қай жерге қанаттың? - деп сұрайды.
- Қанатқан жоқпын, - дейді күйеуі дес бермей.
- Шеш қане, шалбарыңды! - деген әйел күйеуінің құйрыгындағы жарақатты айнаға қаратканда, лейкопластырь дәл келеді. Сол кезде барып жігіт түнде не істегенін түсінген екен...

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жастары алпысқа таяп калған кемпір мен шалдың он бес бала-шағалары болыпты. Ересек болып калған ұлдары әке- шешелерінің аяқтарын жерге тигізбей күнде зембілге салып көтеріп жүреді екен. Көршілері қызыға қарап: "Әне, пәленшенің балаларына карамайсыңдар ма, ата-аналарының аяқ-қолдарын жерге түсірмей зыр жүгіріп жүр” деп үлкен әңгіме қылады екен. Бір күні көршісі:
- Неге әке-шешелеріңді күнде зембілмен көтеріп жүресіңдер? - деп сұрапты аң-таң болып.
Өзіміз он беспіз. Он алтыншысын өмірге әкеліп коймасын деп жерге түсірмей жүрген жайымыз бар, - деген екен балалары өте шығып.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
ілгері өткен заманда, ел жұртымыз аманда бір көкеміз атқа мініп келе жатса, алдынан оның атынан да биік аттарға мінген, ертокымдарына алтын жалаткан бірнеше кісі жолығыпты. Көкеміз әлгі кісілерге селқос амандасып өте шығады. Біраз жер жүргеннен кейін кішкене кара есекке мінген кара шал келе жатса, аттың үстіндегі көкеміз дөңгелеп түсіп, жүгіріп барып екі қолын беріп амандаскан екен.
Былай шыкканнан кейін серіктері неге олай жасадыңыз деп сұрағанда:
- Биік атка мінгендерден мен келін алған едім, олар байлыктың құлы болгандар. Ал. кара есектің үстіндегі кара шалдың жалғыз ұлына кызымды бергенмін, - деген екен.
Автордын сөзінен:
"Қыз берген - жалтақ, қыз алган - тал тақ ” деген мақал осыдан шықса керек. Қызыңды үлбіретіп өсіресің, жеткізесің. Қызыгын енді көрем бе дегенде махаббат заңымен өз еліне шыгарып саласың да, өзің үйде бір жылга дейін "япырай, не бон қалар екен” деп тақымыңды кысып отырасың. Өмірдің өзіосылай.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Осыдан бірнеше жыл бұрын светтің жарығынан әбден киналган кезіміз болған. Түн ішінде айдаладағы бір шопанның әйелі босанайын деп жатса керек. Свет болса да жоқ, шамның да майы таусылған екен. Не істерін білмей сасқалақтаған шопан үлкен жолдың бойына жүгіріп шығыпты. Өтіп бара жатқан "Камаз” көлігін токтатып:
- Айналайын, інішек, - депті шопырынан сұраныс жасап. - Үйдегі жеңгең босанайын деп жатыр еді. Свет те жоқ. шырагданда май да жоқ. "Камазыңның” кос фарын жағып. бірдеңе кылып босандырып алайык. 
Киіз үйдің есігін екі жакка карай айкара ашып, "Камаздың” "дальний” фарын жағып, шопан ағамыздың үйіндегі жеңгеміз босанып жатыр дейді. Қараса біреуін босаныпты. Шопан ағамыз жас баладай қуанып жатса керек. Арада екі-үш минут өткенде екіншісін босаныпты. Қатты қуанған ағамыз шопыр жігітке семіз қойды агап, соны екеуі сыртта жуып отырса, іштен іңгәлаған үшінші дауыс шығыпты.
- Ойбай, інішек, "Камазыңның” жарыгын өшір, мына бала-шағаның бәрі жарыққа жиналып жатыр! - деген екен сонда сасқалақтаған шопан айқайға басып.
Автордын сөзінен:
Баласы көптіц ырысы көп. Бала-иіагаларымыз мол болсын! Солардың қамын ойлай, қызыгына тоймай, рахат гүмыр кеше беріңіздер, жүбайларыңызбен келісіп, туу, тумау жагын шеше беріңіздер. Негізінде белді бекем буган дүрыс, күш-куат бар кезде туган дүрыс. Көп бала пгапқан ана жүмақтың төрінен орын алады деген сөз бар. Ал, көп бала тугызган еркек қайда барады екен ?..

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Біреудің еркегі көшеге барғанда ішіп қояды екен, масқара болғанда мөлшерден асып кетіп, көзге түсіп қояды екен. Бірде:
- Көшеге шыксак бірге шығамыз. Қатарларымнан ұят екен. Бүгін мен көшеге "как мужик” өзім барып кайтайыншы, - депті келіншегінен сұранып.
- Әй, сен алкаш, көшеге барсаң түк көрмегендей тойып келесің гой, - депті келіншегі жібергісі келмей.
ішпеймін деп кеткен күйеуі түн ішінде есігін әзер ашып тұр дейді. Удай мае.
- Айттым ғой ішіп келесің деп! - деген келіншегі шыж- быж болса: - Мен мынадай-ақ іштім, - депті күйеуі кос сау саі ымен стаканның молшерін көрсетіп.
- Ой, сен кімді алдап тұрсың?! Сен алкаш, мынадайға өлсең де мае болмассың!
- Көшеге бардым, - депті күйеуі ақталып. - Достар кездесті. Бәріміз моншаға түстік. Моншаның ішінде
жүздетейік деп едік, стакан табылмаған соң, әрқайсымыз шылапшынмен мынадайдан алдық.
Автордын созінен:
Артық ішкен мае болады, көрінгенмен қас болады. "Аяз эліңді біл, қүмырсқа жолыңды біл ” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Арақ атаңнан қалган ас емес, есіцді жи, бауырым!

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жаугершілік заманда жаңадан үйленген жас жігіт жорыкка аттанып, арада жиырма жыл өткенде еліне келе жатады. Әбден шаршаған ол мызғып алмақшы болып, биік бәйтеректің түбіне қисайып ұйықтап кетеді. Түсіне ақ сақалды шал кіріп: "Балам, сол қолыңда салқындық тұрса, оң қолыңда сабырлықтұрсын” дейді де ғайып болып кетеді.
Қарияның сөздері көкейінде жатталып қалған жігіт түн ішінде үйіне кіріп келсе, келіншегінің қасында серейген біреу жатыр екен. Екеуінде шауып тастамақшы болып, босағада сүйеулі тұрған балтаны сол қолымен алып, оң қолына ауыстыра бергенде шалдың айтқаны есіне түседі. Ұйқыдағы жарын тұрғызып:
- Қасыңда жаткан кім ей?! - дейді айкай салып.
Сондаәйелі:
- Ол сенің жиырмаға келген ұлың ғой, - деген екен жылап жіберіп.
Автордын сөзінен:
"Сабыр түбі сары алтын, саргайган жетер мүратқа”деген, сабырлы болайық, агайын! Сабырсыздық - сойқанның бастауы. Не істесеңде ақылмен істе, сонда өкінбейтін боласың. Ал, өкініш түбі ауыр қайгыга соқты- руы әбден мүмкін. Төңірегіңе сабырмен қарап, жагдайды ақылмен шешуге тырыс. Солайжаса, бауырым.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бірде жасы жүз үшке келген апаның тойында болғанымыз бар. Жеті жүзге жуык қонақтар жиылган той керемет өтті. Облыс әкімшілігінен, аудан басшылығынан арнайы өкілдер келіп, сый-сияпаттарын ұсынып жатты.
Ертеңіне апамыздың көңіл күйі төмендеп, төсек тартып жатып қалса керек. ?л-қыздары, немере-шөберелері:
- Апа, неге көңіл-күйіңіз төмен, тойыңыз тамаша өтті
ғой?-деп сұраса:
- Е, қарақтарым, бұл тойға менің қонақтарымның
біразы келмей қалды, - депті әже мұңайып.
- Оу, апа, калай келмей қалды? Мына тізімдегілердің бәрі келіп, беретінін берді емес пе?
Сондатөсектен басын көтерген кейуана:
- Мен айтқанмен сендер түсінбейсіңдер. Бұл тойға менің құрдастарым келмей қалды, - деген екен апаның жанары
жасаурап.
Автордын сөз;нен:
Жүз үштегі апада қүрдас қайДан болсын? "Тең теңімен,тезек қабымен” деген осы. Менің осында отырган барша қауымга тілерім, әрқайсыңыз жуз ушке келіп, өмірдегі өз құрдастарыңызды шарқ үрып іздеп, сандалып таппай жүре беріңіздер!

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жеті жүз адам сиятын мәдениет залында үлкен концерт өтіп жатса керек. Концерт бітуге таяған кезде кара домбырасын аркаланып келген казақтың кара домалак баласы "мен бір терме айтайыншы "деп сұраныпты. Қара домбыраның мысы басса керек, "айтсаң айт” деп сахнаның төріне жіберіпті. Астына апалар тігіп берген кішкене құрак көрпешесін төсенген әнші жігіт малдас құрып отырып, екі көзін таре жұмып, ұзак бір термеден бастаса керек. Арада жарты сағаттай уақыт өткеннен кейін екі көзін айқара ашып қараса, жеті жүз адамнан ешкім қалмапты. Тек қана екі кемпір отыр екен. Көздерін қайта жұмып, бір сағаттан кейін термесін бітіріп көзін ашеа, әлгі екі кемпір әлі отыр дейді. Риза болған жігіт біреуіне жақын келіп:
- Оу, апа, менің әнімді аяғына дейін тыңдадыңыз гой. Соған Караганда ұнаған болса керек. Апа, шыныңызды айтыңызшы, менің термем сізге ұнады ма, жок па? - десе:
- Әй, қараңқалғырдың баласы, қаттырақ айт, менің екі құлағым тас керең! - депті кемпір жаулығының шетінтүріп.
Көңілі калган жігіт екінші ападан сұраса:
- Мен бір еріккеннен отыр дейсің бе? Анау астыңатөсеп алған кұрақ көрпеше менікі еді, соны күтіп отырмын, - деген екен онысы ашуланып.
Автордын сөзінен:
Егер сіздің дауысыңыздан бесіктегі бала шошып оянатын болса, егер сіздің әніңізден атқа мініп бара жатқан кокемізді am топыраққа лақтырып кететін болса, он Да ән айт деген зорлың болмайды. Бірақ, "әу” демейтін қазақ жоқ. Отырысымызды әселі эндеріңізбен ажарлап отыратын болсаңыздар, алгыстан басқа айтарымыз жоқ. 
Бір үйге жаңадан түскен жас келін бала көтермей. ем- домның неше түрін жасайды. Әбден амалдары таусылған үй егелеріне бір тәу іп:
- Егер келіндеріңіздің үстінен арманы жоқ кемпір аттап өтетін болса, онда немерелі боласыздар, - дейді.
Мынаны естіген ата-енесі тез арада арманы жоқ кемпірді іздеп, жолға шығады. Байдың кемпірінде арман болмайтын шығар деп мыңғырған малы, шылқыған байлығы бар шаңыраққа келеді. Сөйтсе, ол үйдің кемпірінде арман деген молынан жетеді екен. Бір апта аяктарынан тозып, армансыз кемпір таппай азып-тозып келе жатса, алдарынан отын арқалаған жалаңаяқ кемпір кездесіпті. Жандары ашыған олар кемпірді ала кетпекші болып қасына жакындайды. Не үшін жүргендерін айтқан кезде:
- Мына менде арман жоқ, - депті кемпір жайбарақат.
Жерден жеті қоян тапкандай қуанып кеткен олар:
- Қалай арман жоқ?! Шынымен айтып тұрсыз ба?! - дейді жарыса сұрап.
- Жалған айтып не көрініпті. Мына менде арман да жоқ, дамбал да жоқ, - деген екен кемпір етегін көтере беріп.
Автордын сөзінен:
Армансыз адамды қанатсыз қусқа теңейміз. Армандарыңыз алга жетелеп, қиялдагы дунивлеріңіз шындыққа у ласа берсін!

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Біреудің еркегі тойға барғанда көп ішіп қояды екен, масқара болғанда артықтау кетіп қалып, көзге түсіп кояды екен.Келесі тойға барардың алдында әйелі күйеуінен былай деп сұраныпты:
- Бүгін ұятты жерге барамыз. Өткендегідей араққа бөгіп алып топыраққа аунап жүрме. Тойға барғаннан кейін екеуміз катар отырайық.”Алып қояйық” деген кезде мен сенің аяғыңнан басып калам, сол кезде сен алмай-ақ кой, жарай ма?
Күйеуі уәдесін беріп, екеуі тойға барады. Келісім бойынша катар жайғасады. Тілек айтылып, "ал, алып қояйық" дегенде, келіншегі күйеуінің аяғын басып қалып ішкізбейді. Арада біраз уақыт өткенде алып қояйық десе де, демесе де, тост айтылса да, айтылмаса да жігіт бірінен кейін бірін тамағына карай тастап жатыр дейді. Келіншегі аяғын басқан сайын күйеуі тоқтамастан қылғыта беріпті. Жыныкелген келіншек күйеуінің токтамайтынын сезгеннен кейін санынан бұрап алыпты. Сонда араққа тойып алған күйеуі:
- Неге сен менің санымнан бұрайсың?! - депті көзін алартып.
- Бағана үйден шыққанда келісіп едік қой, мен сенің аяғыңнан басқан кезде ішпеуің керек еді, ал, сен болсаң басқан сайынқылғытып жатырсың?! - дейді келіншегі күйіп-пісіп.
- О, кеңкелес менің келіншегім! - деген екен сонда тойып алған жігіт ыкылық атып. - Жиырма бес жыл менімен бірге тұрып жатсаңда әлі сырымды білмейді екенсің ғой. Столдың астына карашы!
Келіншегі дастарханның шетін жайлап көтеріп столдың астына қараса, ку жігіт кос аяқ киімін шешіп, келіншегінің қасына койып қойған екен. Аңқау әйел бос аяқ киімді баса берген, еркегі болса тамағына карай тастай берген, тастай берген.
Автордын сөзінен:
Күрметті күдалар! Араларынызда күйеуінің аягын басып ішкізбей отырган келіншектер болса, көп болып көмектесіп, екеуін екі жаққа отыргызайық. Шақырганда тойга барган дүрыс, денсаулық болса артық кетіп қалмай алган дүрыс. Қүдадан үят кетсе, қүдагидан рең кетеді. "Көрпеңе қарап көсіл” деген, не істесек те шама- шарқымызга қарайық. Шамасын білмеген шалшыққа аунайды..

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бір тойда асаба жігіт жүз еркекті ортаға шығарып:
- Әйелдеріңнен қорқатындарың үш кадам алға шығыңдар! - десе, тоқсан сегіз еркек алға шығып кетіп, тек екі еркек қана орындарынан жылжымапты. Асаба әлгі екеуін "міне нағыз еркек, міне, настоящий мужчина” деп әбден мақтапболып:
- Аға, сіз шынымен әйеліңізден қорықпайсыз ба? - деген екен біреуінен сұрап.
- Бауьірым, қаттырақ айт, менің кос құлағым тас керең, - депті онысы кұлагын тосып.
- Ал, сіз ше? Сіз шынымен әйеліңізден қорықпайсыз ба?
- деп екіншісінен сұраса:
- Е, бауырым, мен бір қай мәз болғаннан тұр дейсің. Әйелімнің рұқсатынсыз бір кадам алға баспаушы едім, - деген екенмұңайып.
Автордын сөзінен:
Қымбатты ханымдар! Еркектер сіздердеп қорық- пайды, сыйлайды. Осыны шатастырып альт жүрмеңіздер. Еркегін сыйламаган әйел - бақсыз дйел, еркегін құрмет түтқан әйел - бақытты әйел.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
МАИ қызметкері "Камаз” жүк көлігін тоқтатын:
- Кузовыңыздың есігін ашыңыз, -депгі шопырга.
- Мың теңге берейін, ашпай-ақ қойыңызшы, - депті шопыр қасарысын.
- Аш! - депті милиционер ашу шақырып.
- Екі мың теңге берейін, ашпай-ақ қояйықшы! - депті шопыр бедірейіп.
- Аш дедім гой мен саган!
- Үш мың берейін, ашпай-ақ қойыңызшы.
МАИ қызметкері алған бетінен қайтпай қойган сон шопыр кузовты ашып жіберсе ішінде ештеңе жоқ екен. Мент не істерін білмей сасып қалады.
Есігін жаба берген шопыр:
- Поле чудес ойнадым, - деген екен жымиьііі.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бәйгеге тұлпарын коскан бір жігіт балгердің алдына келіп:
- Бәйгеге атымды қосып едім, соның нешінші болып келетінін айтып беріңізші, - дейді өтініп.
Құмалағын шашып жіберген балшы:
- Бәйгеден бірінші бір ат келеді, арада біраз уақыт өткенде екінші ат келеді. Ары қарай аттар бірінен кейін бірі келе береді, - деген екен беті бүлк етпей.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Біздің ауылда кала түгілі аудан орталығын көрмеген Есенбай деген шопан тұрды. Бірде сол кісі сіңірген еңбегі үшін арнайы путевкамен делегацияның құрамында Ташкент қаласына баратын болды. Көкемізге өмірі киіп көрмеген костюм-шалбар кигізіп, мойнына колағаштай галстук тағып, калтасына беторамал салып шығарып салдык. Күйеуінен бір елі ажырап көрмеген әйелі тура бір майданға шығарып салғандай еңіреді. Кемпірлер басу айтып жүрігі әзер дегенде тоқтатты. Көзі бұлаудай көкеміз кете барды.
Есенбай Ташкентке жеткенше каптаған көліктер мен биік үйлерге тамсанумен болады. Гақтайдай теп-тегіс асфальт жолды отыра калып сыйнап көреді. Қалаға келіп, метромен шығып келе жагканда айналып тұрган лентаның біткенін байқамай қалып, омақаса құлайды.
- Ойпырмай, жер де айналады екен-ау! - дейді бетін дәу орамалымен сүрте беріп.
ЦУМ-ға кіре берісте қолын алға созып маникен тұрады. Соны көрген көкеміз елді қаға-маға алға қарай ұмтылып, жүгіріп барып қос-қолын беріп амандасады. Күлкіге қарык болған ел:
- Есеке, ол адам емес қой, неге амандастыңыз? - деп сұраса:
- Е, қайдан білейін, қолын созып тұрғанға бізге амандасып жатыр екен деп ойлап қалдым. Өзі де ауылдагы парторгтен аумайды екен, бәтшағар, - деген екен Есекең шынын айтып.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жалғыздықтан жалыққан бір үйдің жалгыз баласы Аяз Атага былай деп хат жазыпты: - "Маған бір іні, болмаса қарындас салып жіберіңізші”. Аяз Ата болса: - "Мамаңды маған бір аптаға жіберсең айтқаның сөзсіз орындалады”, - деп жауап хат жазған екен.
Шабардың екі әңгімесі
Ауылдың сыртына кәрістер пісте егетін. Бірде ауылдың балалары тау болып үйіліп жататын пістеге ұрлыққа түспекші болдық. Басшымыз - бізден екі жас үлкен Зәуірбек. Бір-бір есекке мініп түнгі жорыққа шықтық. Кәрістердің тұрағына
жақындаған кезде:
- Есектеріңнің ауыздарын сыммен шандып байлап тастаңдар, - деді Зәуірбек акырын сөйлеп. - Ақырып койса
ұсталып қаламыз.
"Бастықтың” айтқанын бұлжытпай орындадық. Аузы байланған есектерді үй сыртына қалдырып, өзіміз жер бауырлап үйілген пістеге қарай бет қойдық. Қомағайлана қаптап жатырмыз. Қойынға да, қалтаға да тықпыштаудамыз. Ол кезде кәрістер "видик” дегенді көретін. Ешкім сыртқа шыққан жоқ. Қаптарымызды сүйретіп, жамбаспен сырғып есектерге келдік. Былай шыға бере есектердің аузын шешіп шаба жөнелдік. Анда-санда аузыма пісте салып шағып қоямын, дәнегі жоқ. Тағы да қайталаймын, дәні жоқ.
- Зәуірбек, сенің пістеңнің дәнегі бар ма? - дедім басшымызға дауыстап.
- Жоқ.
Отыра қалып шақтық, дәнегі жоқ. Сөйтсек, кәрістердің суырып тастаған пістелерін ұрлаған екенбіз.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Мешітке келген жас жігіт:
- Молдеке, - деп сұрапты бас имамнан. - Мен мұсылмандыққа бет бұрып, намазға жығылайын деп едім. Бірақ, анда-санда "жұтып” қоятын әдетім бар еді. Осыған не айтасыз?
- Жайнамаздан шығып кетпесең болды, - деген екен имам беті бүлкетпей.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бір кемпір: "Шіркін, бес-алты немере сүйіп, соларды ауланың ішінде ойнатып жүрсем арманым жоқ” деген екен. Арманына жетіп, бірнеше немере сүйіп, соларды ойнатып жүріп, әрқайсысының артынан айқайлап жүгіремін деп әбден шаршаи-шалдығып, зорығып, озі өмірден өтіп кетіпті. Сол жерде мынадай мақал пайда болған екен: "Өз баланды оскенше багасың, немереңді олгенше бағасың”. Сөйтсек, бүл мақал татар халқында да бар екен. Олар былай деп айтады екен: "Уз болаң келәди, кетәді, ал, немерең сениң тубпңе жетәді”.
Түбімізге жететін немере-шоберелеріміз мол бол сын!
Тағы да бір кемпір армандаған екен: "Шіркін, келін түсіріп, аяқ-колымды ыстық суға малып отыратын күн болар ма екен” деп. Апамыз арманына жетіп, келін түсіріп, немере сүйіпті. Келін жұмыста, немересін ойнатып отырса, онысы қарап отырмай қағынып, бұтын былғап койыпты. Ол кезде "ползынки” деген болған, қазір оның төрін "памперс” тартыгі алған. Сол ползынкиді суық суға жуып жатса кірі кетпейді дейді, ыстық суға жуса кірі кетіп жатыр дейді. Сонда екі колын ыстық судан алмаған күйі көзін жұмып тұрып, кемпір былай деген екен: "Е, аяқ-қолыңды ыстық суға малып отыр деген осы екен ғой”. Ендеше, немере сүйіп аяк-қолдарыңызды ыстық суға мали беріңіздер!

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Астананың көшесінде бір ит ала мысықты тырқыратып қуып жүр екен. Тал таппаған мысық тамның төбесіне қашып шыгады.
- Ей, шешеңді... мысық, түс төменге! - дейді айқай салып.
Қуанып кеткен мысық:
- Е, жерлесім екенсің ғой, - деген екен төмен карай түсе беріп.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бір адам әркімнен қарыз алып өмір сүреді екен. Қайтару жагына келгенде сараңдау болыпгы. Қарызын сұраи келгендерге "тауып беремін” дегеннен басқа ештеңе айтпаса керек. Қарыз бергендер осы шал өліп қалмаса екен деп тілейді іштерінен. Елдіц тілеуі қабыл болып, шалдың жасы жүз елуге келеді.
- Анау дүниеге мойныма қарыз арқаланып кеткім келмейді. Алгандарымды қайтарайын десем, қарыз берген адамдардыңбәрі қайтыс болып кетіпті, - депті қария өлерінде қапаланып.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Астанада балық аулап отырған жігіт алтын балық ұстап алады.
- Мені жібер, бір тілегіңді орындайын, - дейді балық жалынып.
Комерсант жігіттің көзі жайнап кетіп:
- Астананың базарын жаулап алган Шымкенттік- терді елдеріне қайтар гөр, - дейді.
- Бұл қолымнан келмейді, - депті алтын балық жыламсырап. - Мен өзім Шардараның балыгы едім.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жар жағалап балық аулап отырған жігіттің қармағына алтын балык ілігіп:
- Мені қайтадан суға жібер, бір тілегіңді орындайын, - деген екен жалбарынып.
Байлығы кеңірдегіне тірелген жігіт ары ойланып, бері ойланып:
- Осы әйелдердің өмірі ауыр деп жатады. Қолыңнан келсе мені бір айға әйелге айналдыр, - депті.
"Ләппай, тақсыр деген алтын балык көзді ашып- жұмғанша еңгезердей жігітті қатқан кара кайыстай кара катынга айналдырып жіберіпті. Бір апта өткеннен кейін әбден азып-тозған жігіт жағалауға келіп:
Мені қайтадан еркекке айналдыр. өлетін болдым. - дейді жалынып.
- Болмайды, - дейді балық. - Біз бір айға келіскенбіз. 
Дүниеден түңілген жігіт үйіне кайтып оралады. Бір ай өткеннен кейін жер бауырлап жағалауғажетеді.
- А... Алтын ба-балық, өлетін болдым, ме-мені қайтадан еркекке айналдыр, - дейді боздап жіберіп.
Еркектің денесін айналдыра қарап шыққан алтын балык:
- Қолымнан келмейді, - деген екен қабағын шытып. - Сіз көтеріп қойыпсыз...

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Түнімен тойда болып басы сығып бара жаткан биология пәнінің мұғалімі столдың үстіне екі қырлы стаканды катар қойып, біреуіне таза су, екіншісіне ліпілдетіп арақ құяды. Екі жауын құртын алып біреуін суға, екіншісін аракка салады. Арақ кұйылған стакандағы жауын кұрты сеспей катады да, судағысы емін-еркін жүзіп жүре береді.
- Не байқадыңдар? - дейді мұғалім оқушыларға сұрақ койып.
- Арақтағы сеспей катты, судағы жүзіп жүр! - дейді оқушылар жамырап.
Әне, кордіңдер ме? Адамның асқазанында да аскарида деген құрт болады, соны жою үшін анда-санда жүз грамм тартқанның айыбы жоқ, - деген мұғалім стакандағы арақты ойланбастан тартып жіберген екен.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Аузы ашық тұрган бөтелкедегі араққа түсіп кеткен гышқан әзер дегенде сыртқа шығып:
- Жекпе-жекке шыгагын мысық бар ма екен?! - денті айқай салып.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бастары қосылган бес-алты кісі "Орыстың, немістің және қазақтың пойызын жарыстырып көрейік, қайсысы дәл уақтысында келеді екен” дейді қай ұлттың қандай екендерін білгілері келіп. Пойыздар тура сагат жетіде вокзалга келуі керек болады.
Сагаттың тілі жетіге бес минут қалганда орыстың пойызы келеді. Арада үш минут өткенде немістің пойызы келіп тоқтайды. Дәл сагат жетіде қазақтың пойызы кіріп келгенде орыстар мен немістер таңдана қараса керек.
- Сендер қалай дәл уақтында келдіңдер?! Өмірі кешігіп жүресіңдер, бұлай болуы мүмкін емес! - деп ашуланады орыс бұрқан-талқан болып.
- Е, бұл біздің "опозданиемен” келе жатқан кешегі пойьізЫмЫз гой, - деген екен қазекең асықпай маңдай терін сүртіп қойып.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Тоқсанға келген бір карияның өлерінің алдында қасына кемпірін шакырып алып:
- Кемпір, - депті еріндері әзер қимылдап. - Мен шын дүниеге аттанып бара жатырмын. Жетпіс жылдан аса өзіңмен бірге тұрдым. Қыз көрдім, ұл көрдім, өміріме ешқандай өкпем жоқ. Бірақ... Сенің алдыңда біраз күнәм бар еді, соны өзіммен бірге көрге алып кетпей, саган шынымды айтайын деп отырмын...
- Айта ғой, шалым, - дейді кемпірі қосыла жылап.
Шал әзер дегенде басын көтеріп:
- Анау жиюлы төсектің артында бір қапшық құрт тұр, - депті қолымен көрсетіп. - Қаптың ішінде қанша құрт болса, мен сенің көзіңе сонша рет шөп салыппын. Кешіре гөр, мен бейбақты...
Сонда кемпірі одан бетер жылап тұрып:
- Шалым-ау, сен де мені кешір, - депті сандықтың ішінен бір қапшық пістені суырыгі алып. - Мен де...
Көздері атыздай болған шал бірден тіл тартпай кеткен
екен.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Жас күнімізде біздің ауылымызға бірінші рет кино келді. Ол кезде киноның атын естігеніміз болмаса, өзін көрмегенбіз. Өзін "киномеханикпіи” деп таныстырған жалбашаш жігіт:
- Маган бір "простыня” тауып алып келіңдер! - деді бұйырып.
Ол кезде ауылда "простыня” деген болмайтын. Апалар тігіп берген гүл-гүл көрпеге оранып жата кететінбіз. Бүкіл ауылды шарлан жүріп, қаладан жаңадан көшіп келген жас семьядан екі метр ақ матаны әзер дегенде сұрап алдық.
- Екі қазық тауып келіңдер! - деді жалбашаш гагы да бұйырып.
Екі жерге екі қазықты қағып, ақ матаны керіп тастадық. Мұны "экран” дейді екен. Ауылдың қара домалақтары көгалға жайгаса кеттік. Иттер де кино көрмеген, олар да қатарымызга шоқиып отыра кетті. Киномеханик бірдеңенің құлагын бұран қалып еді, ақ матаның бетіиде қыргын согыс басталды. Немістер мен советтер туралы кино екен. Көзіміз бақырайып отырмыз. 
Бір кезде немістердің овчаркасы экранга шыга беріп еді, қасымызда шоқиын отырған Құттөбсг, Боріоасарлар ақ матаны жұлып әкетіп, кино көрусіз қалды.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Шілденің кезінде, қырық градус ыстыкта, тоғызыншы кабаттағы бір бөлмелі пәтердің ішінде үш құданың басын косып, құдалык кеші өтіп жатса керек. Отырыс тым ұзаққа созылып кетіп, құдалардың арасындағы бір қария "өтінішім бар еді” депті асаба жігіттен сұранып.
- Тұра тұрыңыз, - дейді асаба ырык бермей. - Сөз кезегін бітіріп алайын.
Арада гөрт сағаттай уакыт өткенде шыдамы кеткен кария тағы да өтініш жасайды.
- Сэл шыдай тұрыңыз, - деген асаба отырысты жалғастыра береді. - Мына списка бойынша тірлігімді бітіріп алайын, сосын айтасыз.
Бес сагаттан соң жұмысын аяқтаған асаба:
- Ал, ата, өтінішіңізді айта беріңіз, - десе:
- Кеш қалдық, балам, - деген екен карияның бетіне қызыл жүгіріп. - Кептіріп отырмын.
Бір үйге түскен жас келін күнде ата-енесіне үш регген сәлем салады екен. Ата -анасы да риза, көрші-қолаң да мәз- мәйрам. Бір аптадай уақыт өткенде келін сәлем салуын мүлдем токтатыпты. Түкке түсінбеген ата-енесі қапа болады.
- Келін шырағым, - деп сұрайды бір күні атасы шыдай алмай таңғы шайдың үстінде. - Бүкіл ауыл өзіңе риза болып жүр еді. Сәлем салуыңды неге тоқтаттың, карағым?
- Менің бетімді ашқан күні банкіге бес жүз теңге салған болатынсыздар, - деген екен сонда жас келін жағдайды түсіндіріп. - Бес жүз теңгелеріңізге бес күн сәлем салдым, осымен "расчет” болдық.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Төрге жайгаскан молда шариғаттан әңгімені қозғап отырып арасында былай деген екен:
- Егер басыңда шымшықтың миындай миың болса, койныңда жатқан қатыныңның тілін алушы болма.
Мына сөзді көкейлеріне түйіп алған үй егелері сыртқа шығып сыбырласа бастайды. Бір шешімге келгеннен кейін ішке кірген отағасы:
- Молдеке, - дейді колын кеудесіне қойып. - Құр қолға бата жүрмейді деген. Сіздің бүгінгі берген ак батаңыз бен көңіл толқытарлық уағыздарыңызға мен бір токты берейік десем, келіншегім токты ұят болар, одан гөрі бір тана берейік деп жатыр. Осыган калай карайсыз?
Сонда аз-кем ойланып барып желкесін касыған молда:
- Е, бауырым, анда-санда әйелдің де тілін алган дұрыс, - деген екен өз айтканынан тайқып шыға келіп.
Бұрылыстагы "пешеходный переходтан” бір әйелді өткізбей қойған шопырды МАИ қызметкері тоқтатып:
- Әйелді өткізбей жол ережесін өрескел бұздыңыз, - депті кұжаттарын сыпырып алып.
- Маған кезінде атам егер еркек болсаң жолыңды әйел баласына кестірме деген еді. Өтіп бара жатқан жүргінші әйел болған соң өткізбедім, - депті шопыр беті бүлк етпей.
- Жарайды, мұныңа келістік, - депті милиционер түсінікті көзбен қарап. - Ал, арғы жагында МАИ қызметкері тұрса не істеу керек екенін саган атаң айтқан жоқ па еді?
- Оны да айтқан еді, - депті шопыр сөзін жалгастырып. - Егер ол "маишник” еркек болса сені жібереді деген еді...
Өзеннің арғы бетінде кыз-келіншектер шомылып жатса керек. Бергі жағалауда эр түрлі жастагы ер кісілдер қарап тұрады.
- Қой, неге қарап тұрмыз, жүзіп барайық, - деген жиырма мен отыздың арасындагылар ойланбастан суға қойып кетеді
- Қайық бар ма екен, қайык бар ма екен? - дейді отыз бен қырық жастагылар жан-жақтарына қарап.
- Керек болса өздері келер, - дейді дейді қырық пен елу жастагылар жайбарақат.
- Осы жерден қарап тұрсақ та жетер, - деген екен елу мен алпыс жастан асқандар көздерін алақандарымен көлегейлеп.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Балык ұстап отырған жігіттің қармағына алгын балықілігіп:
- Мені суға қайтадан жібер, бір тілегіңді орындайын, - деген екен жалынып.
Басынан байлыгы асқан жігіт ары ойланып, бері ойланып:
- Мұхиттың ортасында "Багам аралдары” деген арал бар. Маган сол аралға баратын алты жолагы бар үлкен трасса салып бер, - дейді ерігіп.
- Мына өтінішіңіз ауырлау екен, басқа бір жеңілдеуін сұрансаңыз қайтеді, - дейді алтын балық қиынсынып.
Сонда жігіт ойланып тұрып:
- Осы әйелдерді құпия дейді. Маган қолыңнан келетін болса солардың құпиясын ашып бер! - дейді бұйырып.
Мұңга батқан алтын балық:
- Екінші өтінішіңізден гөрі біріншіңіз жөн екен. Мен сізге трасса салып берейін, - деген екен.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Екі құрдас кездесіп қалады.
Бірі екіншісіне:
— Сен менің қарыз ақшамды қашан қайтарасың?
— Мені Нострадамус дейсің бе, қайдан білейін?- деген екен.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Өзбекстан мемлекеті Егемендігін алғаннан кейін Президенті Ка¬римов:
- Мемлекеттік тіл өзбек тілі болуы керек,- деп барлық халыққа жар- 
ады Бірде халқының жұмыс істеу қабілетін байқау үшін, лықшығ^Р аралайды Бір жерге келгенде столбаға жазылған: өзі көш ^ опасно для жизни»,- деген жазуды көріп, мынаны тез өз <<0СТ-япе жазыңдар мен кейін келемін, - деп бұйрық береді.Каримов Т'Л^та айналып келгенде, Яхындама анаңды ұрайын япышасың,- деп өзгертілген екен дейді. ^ ^
үш жігіт өз сүйіктілерін айтып мақтаныпты. Бірінші жігіт:
Менің жаным алма сияқты, сүйсең қып-қызыл болады, ал шешіндірсең денесі аппақ,-дейді. Екінші жігіт:
Ал менің жаным мандарин сияқты, сүйсең суы шығады, шешіндірсең денесі бұлтық-бұлтық,- дейді. Сонда үшінші жігіт:
- Менің қызымды сұрамай-ақ қойыңдар,- дейді.
- Неге, қызың жоқ па не?
- Менің жаным пияз сияқты, сүйсең ауызың сасиды, шешіндірсең көзің ашиды,- деген екен.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Үйіне келген күйеуі әйелін көңілдесімен ұстап алады:
- Алдың күні ауру мысық әкелдің, кеше үйсіз итті әкелдің....Ал, бүгін.. мынауың кім?
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бір алқаш екіншіге:
- Сен неге көп ішесің?
- Жә, қайғы-қасіреттерімді араққа батырып, тұншықтырғым келеді? -Енді қалай бола ма екен?
- Қайда-а-а, бәрі жүзуді үйреніп алыпты.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Күйеуі үйге мае болып келеді. Бұған ашуланған әйелі:
- Оңбаған үйге ішіп келуге қалайша дәтің барды?
- Бұл үйдің иесі мен, қалай қаласам-солай келем!
Ашуланған әйелі күйеуін басынан табақпен ұрады да ішіп алған күйеуі столдың қасына құлап, сонда жатады. Бір кезде көршісі тұз сұрап келеді. Жерде құлап жатқан күйеуін көріп:
- Күйеуің неге столдың астында жатыр?-деп сұрайды.
- Әйелі:
- Ол үйдің иесі, қайда жатқысы келсе, сонда жатады,-деген екен.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Матиматика сабағында мұғалім оқушылардан сұрап жатыр: -Айгүл папаң кім болып жүмыс істейді?
- Папам-агроном.
- Қанша айлық алады?
- Он бес мың теңге.
- Ал, мамаң ше?
- Мамам- кітапханашы, айлығы-он мың.
- Сонда жанұялық бюджет қанша?
- Жиырма-бес мың.
- Тамаша, бес. Ал, Асқар сенің ата-анаң ше?
Папам-бизнесмен, елу мың алады, мамам-директор қырық мың алады. Жанұялық бюджетіміз-жүз мың теңге.
- Ай Асқар-ай отыр тағы екі қоямын саған.
- Екі қойсаңыз қоя беріңіз, зато нармалні өмір сүріп жатырмыз...
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Сабақ өтіп жатыр. Мұғалім үй жұмысын тексеріп жатыр:
- Асан сен неге үй жұмысын орындамадың?
Аяғымды шығарып алдым.
Отыр екі. Үсен сен неге уи жұмысын орындамадың?
- Әжем ауырып қалды. ^
Отыр екі. Ал, Арман сен неге үи жұмысын орындамадың? -Зонадан ағам келді.
- Мені ағаңмен қорқытпаи-ақ қой, отыр, үш.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Мұғалім Үсеннен сұрап жатыр:
- Үсен шалбарыңның бір қалтасында-он теңге, екінші қалтасында- отыз теңге болса, бұл не деген сөз?
- Демек, мен басқа біреудің шалбарын киіп кеттім.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Бір күні Асан мамасынан:
- Мама, мен қалай туылдым?
Ал, мамасы:
- Балам-ау, папаң екеуміз стаканға түкірдік, сөйтіп терезенің алды- на қойдық. Сөйтіп азанда сен пайда болдың.
Ертесі күні мектепте:
- Айнұр, стаканға түкірші -Не үшін?
- Түкірші енді.
- Тфу-қық.
Асан өзі де түкіріп стаканды терезенің алдына қояды. Түнде ста¬канға тарақан түсіп кетеді. Азанда Асан стаканмен мамасына келіп.
- Мама, немереңді мыжып тасташы, не дегенімен балаңа қолыңды көтере алмайды екенсің,-деген екен.

Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
- Үсен күнделігің қайда?
- Аа, оны Асан ата-анасын қорқыту үшін алған.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Мұғалім:
- Үсен-ay сабаққа неге кешіктің?
- Сіз өзіңіз-оқуға ешқашан кеш емес,-деп айттыңыз ғой.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Резеңке етік киіп алып үйден шығып бара жатқан Асанға мамасы- -Балам-ау дала құрғақ, еш жер су-батпақ емес.
Асан:
- Қорықпа мама мен тауып алам.
Анекдот из категории "Неотсортированные"
0
Төлеген мен Бекежан таласып жатыр:
- Қыз-Жібек менікі.
- Жоқ, менікі -Жоқ, менікі.
- Менікі
Давай Сулефа ойнайық, ұтқандікі...
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.