Анекдот № 835 - Неотсортированные - Каталог анекдотов - Анекдоты на казахском языке (анекдоттар) на Ak-Sakale








Анекдот из категории "Неотсортированные"
0

Дәрігерге келген кемпір:
- Доктор мен бір түсініксіз сырқатқа шалдықтым: бір тұрсам-тұра берем, тұра берем, ал бір отырсам-отыра берем, отыра берем, егер жатсам-жата берем, жата берем,-дейді. Дәрігер оған шығар есікті нұсқап:
- Олай болса, анау есіктен шығыңыз да, жүре беріңіз, жүре беріңіз, жүре беріңіз,-депті.
Сабақ өткізіп отырған тарихшы мұғалім:
- Әсет, Стамбулды кім алды?-дейді.
- Жо-жоқ мен алған жоқпын. Абзалдан сұраңызшы, сол алған шы- ғар?-дейді Әсет.
- Абзал Стамбулды кім алды?-дейді мұғалім.
- Жоқ мен де алған жоқпын!-деп Абзал да азар да безер болыпты.
Үзілісте мұғалімдер бөлмесіне оралған тарихшы соны айтып, қатты ренжіп отырады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оны жұбата сөйлеп:
- Оның несіне ренжисіз, жоқтан өзгеге жүйкеңізді тоздырмаңыз. Баланың аты-бала емес пе, байқамай алған шығар, ертең қайтарып береді,-дейді. Тарихшы мырс етіп шығып кетеді де, директорға ба- рып сыныпта болған жәйтті, оған орынбасарының не дегенін айтып береді.
Директор маңғаздана сөйлеп:
- Иә.иә түсінікті...Қай сынып дедің?-дейді.
- Бесінші «Б» сыныбы.
- Ә, олар алғандарын ешқашан мойындамайды.


Просмотров: 376

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.