Анекдот № 802 - Неотсортированные - Каталог анекдотов - Анекдоты на казахском языке (анекдоттар) на Ak-Sakale








Анекдот из категории "Неотсортированные"
0

Жаугершілік заманда жаңадан үйленген жас жігіт жорыкка аттанып, арада жиырма жыл өткенде еліне келе жатады. Әбден шаршаған ол мызғып алмақшы болып, биік бәйтеректің түбіне қисайып ұйықтап кетеді. Түсіне ақ сақалды шал кіріп: "Балам, сол қолыңда салқындық тұрса, оң қолыңда сабырлықтұрсын” дейді де ғайып болып кетеді.
Қарияның сөздері көкейінде жатталып қалған жігіт түн ішінде үйіне кіріп келсе, келіншегінің қасында серейген біреу жатыр екен. Екеуінде шауып тастамақшы болып, босағада сүйеулі тұрған балтаны сол қолымен алып, оң қолына ауыстыра бергенде шалдың айтқаны есіне түседі. Ұйқыдағы жарын тұрғызып:
- Қасыңда жаткан кім ей?! - дейді айкай салып.
Сондаәйелі:
- Ол сенің жиырмаға келген ұлың ғой, - деген екен жылап жіберіп.
Автордын сөзінен:
"Сабыр түбі сары алтын, саргайган жетер мүратқа”деген, сабырлы болайық, агайын! Сабырсыздық - сойқанның бастауы. Не істесеңде ақылмен істе, сонда өкінбейтін боласың. Ал, өкініш түбі ауыр қайгыга соқты- руы әбден мүмкін. Төңірегіңе сабырмен қарап, жагдайды ақылмен шешуге тырыс. Солайжаса, бауырым.


Просмотров: 334

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.